Халыққа жеткен күйлері
№3 кітапханада атақты күйші, композитор Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жасқа толуына орай «Халыққа жеткен күйлері» атты онлайн өнер сағаты өткізілді. Дина Нұрпейісованың Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина жүлделі орындарды жеңіп алған. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атанған.
Шараның мақсаты: Оқырмандарға атақты күйші, артына айрықша із қалдырған Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Дина күйлерінің халыққа кең таралуының мәні мен өміршеңдігін жас ұрпақтардың санасына жеткізу, жүрекпен сезіндіру, оның өшпес туындыларын өнер сүйер қауымның назарына ұсыну.







