Сөйле, тілім, жосылып
№17 кітапхана Мәдениет үйімен бірлесіп сыр сүлейлерінің бірі Омар Шораяқұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Сөйле, тілім, жосылып» атты онлайн жыр кешін назарларыңызға ұсынады. Қазақ халқы өзінің философиялық ойын өткен ғасырларда негізінен жыр жолдары арқылы өрнектеген. Әрбір даналыққа толы ой-тұжырым, поэтикалық образдар арқылы бейнеленген. Омар Шораяқұлының ақындық мұрасы, философиялық ойлары қазіргі ұрпағы үшін жарқын өмірді жалғастыруға, рухани жетілуге негіз болатын руъхани мұра.. Шара барысында Омар Шораяқұлының «Әділ іс» термесі орындалып, кітапхана оқырмандары Айбек Ақылбек, Жұбан Нұрқасым шайырдың «Шайыр», «Есіңе ал келешекті, жора-жолдас» жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды.







