Тәуелсіздік құрдастары сөйлейді
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай №19 кітапханада «Тәуелсіздік құрдастары сөйлейді»-атты пікірлесу алаңы жігерлі, белсенді жастардың қатысуымен өткізілді. Тәуелсіздік алған жылы туып, өскен жастар бүгінде әр саланың мамандары, қойған мақсаты мен таңдаған бағытына сенімді. Кездесу барысында олар 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жастардың өзекті мәселелері талқыға салынды. 2021 жылға жоспарлар жасалып, белсенді жастар өз ойларын, ұсыныстарын білдірді. Тәуелсіздік құрдастары жиналған жиын көңілді өтті.







