Алаштың ұлы перзенті
Қала орталығындағы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай ескерткіші жанында «Алаштың ұлы перзенті » атты әдеби оқу Абай мәдениет үйі мен №5 кітапхана ұйымдастыруымен өткізілді. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысы А.Ә. Есмаханов сө сөйлеп, киелі орындар мен тарихи маңызы бар ескерткіштерді сақтау мен қорғаудың маңыздылығы, Мұстафа Шоқайдың ұлтының тәуелсіздігі жолындағы қайраткерлігі туралы айтты. №138 және №280 орта мектеп оқушылары Мұстафа Шоқай жайлы ақындар жырларын оқып, тыңдаушы жүрегіне жеткізді.







