Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

   Мақал-мәтел, жұмбақ – тәрбиелік мәні зор,  рухани байлық,   ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Сөз мәйегі – мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздердің қадірін ұғатын ұрпақ тәрбиелеу,  олардың  дүниетанымын кеңейту,  ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету, мақал-мәтелдердің қолданыс аясын  кеңейту  мақсатында  №13 балалар кітапханасында   «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға қатысушы жас оқырмандар тақырыптар бойынша мақалдарды   жылдам атап,  суреттер бойынша жұмбақтар шешті. Ойы жүйрік, тапқыр ойыншылар белсенділігі нәтижесінде шара өте тартымды өтті.

16 наурыз 2021 ж. 1 128

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам