Тәуелсіз елдің баласымын
№14 кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында №93 «Балапан» бала бақшасымен бірлесіп «Тәуелсіз елдің баласымын» атты ертеңгілік өткізді. Қазақ ақындарының отан, жер-ана, тәуелсіздік туралы өлеңдерін бүлдіршіндер жатқа мәнерлеп оқып, өнерлерін көрсетті. Балаларға Тәуелсіздік ұғымы туралы түсінік беріліп, слайд көрсетілді. Кітапханашы балаларды әсем безендірілген қызықты кітаптармен таныстырып, кітап оқуға шақырды.







