Жылы жүздесу
Жылы жүздесу
2021 жылдың 15 наурызы күні А. С. Пушкин атындағы орталық қалалық кітапханаға Алматыдағы Ресей Бас консулдығының және Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің бас маман – сарапшысы Ольга Вячеславна Мощеева және "Славяне" Қызылорда облыстық қоғамдық – мәдени орталығының басшысы Галина Сергеевна Щербакова келіп, кітапхана жұмысымен, креативті кітап көрмелерімен танысып, әңгіме барысында алдағы бірлескен ынтымақтастық жұмыстар туралы пікірлерімен бөлісті. Мощеева Ольга Вячеславна кітапхана қорына : «История Росии» сериясынан «Матильда Кшесинская, воспоминания», «Русская классика в иллюстрациях» сериясы бойынша М.П.Пыляев «Старый Петербург», В.Руга, А.Кокорев «Барышни и дамы», «Золотая серия поэзии» сериясынан Н.А.Некрасов, Н.Заболоцкий, Саши Черныйдың өлеңдерін және де Г.Яхинаның «Дети мои». бестселлерін сыйға тартты.
Оқырмандар бұл сыйлықты бағалап, қызыға оқиды деп ойлаймыз. Кездесу жылы достық атмосферада өтті.







