Мұңлық - зарлық
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана оқырмандар назарына «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында арнайы ұйымдастырылған «Мұңлық - зарлық» дастаны бойынша жыр сағатын өткізді.
Мақсаты: Қазіргі таңда ұлтымыздың баға жетпес құндылығына ба¬лан¬ған төл өнеріміз «Мұңлық - зарлық» жырын көзі¬міздің қара¬шығындай сақ¬тап, ұр¬пақтан-ұрпаққа жеткізу, насихаттау.
Мұңлық– Зарлық – Шығыс сюжетімен құрылған жыр. «Мұңлық– Зарлық» ел арасына тараған ауызша нұсқаларымен қатар қолжазбалары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Алматы қалаларының мұрағаттары мен кітапхана қорларында сақтаулы.
Сюжеті жағынан «Мұңлық– Зарлыққа» ұқсас «Алтын Айдар», «Зарлық», «Шапшар хан», «Қиссауылыи Мұңлық – Зарлық» секілді жырлар бізге жеткен. Жырдың халық арасына кеңінен таралуына қиссашыл ақын Жүсіпбек Шайхысламұлы көп еңбек сіңірді. Ол ауызша тараған үлгісі негізінде жырды қара сөзбен (өлең аралас) қайта жырлап, 1896–1916 жылдары Қазан қаласында «Хикаят Рисале-и Мұңлық – Зарлық» деген атпен бірнеше рет жариялады. Жыр сюжеті қазақтың ертегі, аңыздарымен сарындас, онда батырлық эпоста кездесетін сөз оралымдары мен бейнелеу тәсілдері берілген.







