Балық та –байлық
№17 кітапхана балық шаруашылығын насихаттау мақсатында «Балық та –байлық» атты танымдық сағатын оқырман назарына ұсынады. Шара барысында қазіргі таңда балық түрінің 25-ке көбейгені, байлық көзі болған балықтың сырт елге экспортталу жағдайы жайлы мәлімет беріліп, Арал өңірінің ата кәсібі – балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, қарқынды дамып келе жатқаны туралы айтылды. Қасиетті Сыр елі өзінің жер асты байлығы – мұнай, уран, түрлі-түсті металдар, ақ күріші, төрт-түлік малымен бірге Арал балығымен мақтана алатындай берекелі, құтты мекенге айналуда.







