Ақ күріштің атасы - Ыбырай
Жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз бен мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, қорғауға, құрметтеуге, сондай-ақ, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында №20 кітапхананың ұйымдастырумен «Ақ күріштің атасы - Ыбырай» атты әдеби оқу «Еңбек аллеясындағы» «Ыбырай Жақаев» ескерткішінде өткізілді. Шара барысында кітапхана оқырмандары А. Якутбек, Ә. Омарова, Б. Бектұрған, Р. Еламанова, К. Қалабай даңқты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ы. Жақаевқа арналған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Кеш қонақтары Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Құрманбек Бәкірұлы, Ә. Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицей тәлімгері Малика Дурумбетова жас ұрпаққа дала академигі Ы. Жақаевтың өнегелі өмірі жайлы тұщымды әңгімелер айтты. Іс-шара оқырмандардың Ы. Жақаев ескерткішіне гүл шоғын қоюмен аяқталды.







