Күлімде,Наурыз күлімде
Көктем келіп, жер дүние жаңарып, тіршілік түлеп жатқан тұста тойланатын мерекенің бірі – «Береке» күні аясында Қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен «Күлімде,Наурыз күлімде» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік кешке «Хош келдің ,Әз наурыз» тақырыбында кітап көрмесі жасалып, шара өтетін орын қазақы нақышта безендірілді. Шараға Қазақстан журналистер одағының мүшесі,ақын М.Нұрханов және «Бастаңғы» әжелер тобы қатысты. Шараны қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы ашып,қатысушы кітапхана оқырмандары мен қонақтарын мерекемен құттықтады. Шара барысында «Бала аунату»» «Байғазы сұрау» салттарынан көрініс көрсетіліп, С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің әншілері ән мен жырдан шашу шашты.







