Домалақ ана
№10 Қараөзек ауылдық кітапханасы есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі, 6–7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген Домалақ ана жайлы онлайн әңгімені назарларыңызға ұсынады. Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті. Ұлы ана жайлы қысқаша әңгімені қызыға тамашалайық.







