Қош келдің, әз Наурыз!
№20 кітапханада Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің 1-ші «Наурыз – береке бастауы» бөлімінде қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық тағамдарын дәріптейтін талғам мен танымға, шеберлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін әдебиеттер, көрменің 2-ші «Қолөнер – сырлы өнер» бөлімінде ұлттық ою-өрнектеріміздің шығу тарихы, мағынасы, қолөнер бұйымдарының жасалу жолдары айтылды. Көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мол ақпараттар пайдаланушылардың қызығушылығын туғызып, мейрам туралы өздеріне қажетті мағлұматтарды алды.







