» » Қорқыт ата мұралары – адамзатқа ортақ рухани қазына

Қорқыт ата мұралары – адамзатқа ортақ рухани қазына

  №20 кітапхана түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы, өмірде өшпес есімі, артында әдеби-музыкалық  мол мұрасы қалған Қорқыт атаның өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау мақсатында  «Қорқыт ата мұралары – адамзатқа ортақ рухани қазына» атты онлайн тарихи кеш ұйымдастырды. Іс-шара барысында дүниеге келуінің өзі үлкен оқиға болған ғұлама ойшылдың, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаздың, күйшілік, жыршылық өнердің атасы Қорқыттың өмірі жайлы тарихшы Б. Әбділдаева мен қобыз аспабын жасау өнері және күйлерінің шығу тарихы, өнегелі нақыл сөздері жайлы тәрбиелік мәні зор тағылымды әңгімелерді әдебиет пәнінің ұстаздары Р. Айменова және Э. Ильясова кеңінен әңгімеледі. Іс-шара кітапхана оқырманы, Қазанғап атындағы музыкалық колледж студенті Нұрлыбек Бақытбековтың орындауындағы Қорқыт атаның «Башпай» күйімен қорытындыланды.

25 наурыз 2021 ж. 448

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам