Наурыз -думан, Наурыз жыр
№14 кітапхана 22 наурыз- Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз -думан, Наурыз жыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Шара барысында «Мәди мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, баланың дүниеге келгенінен бастап, дүниеден өткенге дейінгі отбасылық әдет -ғұрыптары түсініктемелері, ұлттық мереке наурыздың шығу тарихы жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай т.б. қызықты материалдар қойылып таныстырылды.







