Таңқалдырған табиғат
№7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханада «Таңқалдырған табиғат» атты көрме викторина кітапхананың жас оқырмандары қатысуымен ұйымдастырылды. Шарада балалар үшін өте қызықты жануарлар әлемі мен өсімдіктер тіршілігінің тарихы туралы, ғаламшардың жаһандық экологиялық мәселелері, табиғат пен қоршаған ортаға қамқор болуға, оны аялап күтуге, әр адамның міндеті табиғатты қорғау бүкілхалықтық іс екені жайлы әдебиеттер таныстырылып, насихатталды. Жас оқырмандар түрлі –түсті жануарлар бейнесі салынған крассвордтар шешіп, қызықты сұрақтарға жауап берді. Табиғат туралы өлеңдер оқылып, жұмбақ айтып жарысты. Мақсаты: Жас оқырмандарға адам мен қоршаған орта арасындағы тығыз байланысты түсіндіре отырып, табиғатты аялауға, қастерлеуге тәрбиелеу.







