Алаш қозғалысының көсемі

   №6 кітапхана XX ғасырдың  бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт- азаттық  «Алаш» қозғалысының  негізін қалаушы, Алашорда автономиялы үкіметінің  төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың  туғанына  155  жыл толуына орай  «Алаш қозғалысының көсемі» атты тарихи сағатты назарларыңызға ұсынады.  XX  ғасырдың  20-шы жылдарында  Әлихан қазақты «Алаш» ұраны мен туының астына топтастырып, біртұтас Алаш ұлтын қалыптастырды, қазіргі қазақ ұлтының қорғаны болды. Шара барысында кітапхана қызметкерлері әлеуметтік желі оқырмандарын «Ұлттың ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесімен, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Досмамбетова Алтын  қоғам қайраткерінің өмірбаянымен ,шығармашылығымен таныстырды
  Іс-шараның мақсаты: Әлихан Бөкейхановтың қазақ елінің гүлденуі мен тәуелсіздігі жолындағы көрнекті тарихи тұлғалығын  айқындап, өнегелі өмірін кеңінен таныстыру. тарихи тұлғаның есімін ұлықтау.

26 наурыз 2021 ж. 417

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам