» » Қорқыт ата мұрасы – түркі руханиятының темірқазығы

Қорқыт ата мұрасы – түркі руханиятының темірқазығы

    26 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы орталық қалалық  кітапханада «Рухани қазына» жобасы аясында қара қобызды түркі жұртының аруақты аспабына айналдырған ұлы күйші, түркі музыка өнерінің негізін қалаушы,оғыз, қыпшақ тайпаларының ойшылы, Қорқыт Атаның өнері мен шығармашылығына  арналған «Қорқыт ата мұрасы – түркі руханиятының темірқазығы» атты  дөңгелек үстел өтті.
     Шара барысында С.Ысқақов атындағы Қызылорда «Құрылыс және бизнес» колледжінің тарих пәнінің оқытушылары, Қорқыттың өмірі мен өнері туралы баяндама жасап, Қорқыт күйлерінің шығу тарихы туралы  қызықты мәліметтерге тоқталып өтті.  Кітапхананың белсенді оқырмандары   Асылан Ахметов, Гүлсім Жарылқапова, Ерасыл Қабдуллаев,  Бақдәулет Қожабеков Қорқыттың нақыл сөздері мен Қорқыт жайлы жазған ақын – жазушылардың шығармалары мен өлеңдерін жатқа оқыды.  Сонымен қатар Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң бәрі тоқтай қалып тыңдаған Қорқыттың «Қобызым» әнін колледж оқытушысы Алибекова Анар орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
    Шара соңында қатысушылар Қорқыт атаның  өмірі мен шығармашылығына арналған «Қорқыт Түркі халқы руханиятының ұлы ойшылы» атты кітап көрмесімен танысты.

26 наурыз 2021 ж. 445

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам