«Парасат жолы»

    Қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 21 кітапханада  «Парасат жолы»   орталықтары  ашылды.  Жоба  бойынша орталықтардың ашылу  шарасы №12 кітапханада  ZOOM –бағдарламасы арқылы өткізіліп,  модераторы  Қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы болды.
“Парасат жолы”-адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамға ілгерілетуге бағытталған жоба. Жобаның бастамашылары Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.  
    Шараға  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті  басшысының бірінші орынбасары Алимкулова Ғалия Ұбайдуллақызы,  Ардагерлер кеңесінің төреағасы,  « Қызылорда қаласының құрметті азаматы» Сайлаубай Әбішев, Қала әкімі аппаратының Мемлекеттік –құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Рамберген Қуанар Тағыбергенұлы,  Қалалық ішкі саясат басқармасының әдіскері Мусаева Айнұр Музафарқызы,  Қалалық «Айтбай» мешітінің бірінші найб имамы Жұбанов Асқар Алматұлы қатысып қазіргі  қоғамдағы өршіп тұрған сыбайластық, азаматтардың  жемқорлыққа  бейімділігі, оған қарсы күрес жүргізу жолдары    туралы келелі әңгімелер айтты.  «Парасат жолы»   орталығы жұмысынан қандай нәтиже күтеміз,  негізі қандай мақсатқа жеткізеді деген сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер өрбітілді. 
    Келешекте «Парасат жолы» орталығының негізінде жастардың танымал ақын-жазушылармен, қоғам қайраткерлерімен, еңбек, өнер адамдарымен кездесу кештері өткізіліп, жастарды кітап оқуға тарту  мақсатында кітап таныстырылымдары мен оқырмандар конференциялары өткізіліп,  қазақтың, әлем классиктерінің тартымды шығармалары талқыланатын болады. 
«Парасат жолы»  жобасының негізгі мақсаты-  келешекте жемқорлықсыз қоғам  құру,  жастарымыздың ой-санасын пара беру, сыбайластық арқылы мақсат-мұратқа  жету секілді жат қылықтан  арылту.
    Бұндай игілікті шараларды барша адамзаттың жауапкершілігінсіз атқару әрине мүмкін емес. «Парасат жолы» жобасы аясында  бірлесе атқарылған игілікті  жұмыстар  өзінің оң  нәтижесін береді,  өз біліміне, өзінің жігер күшіне сенген қайратты да қайсар жастарымыз  жемқорлықсыз  жаңа қоғам қалыптастырады деген  ортақ тұжырыммен шара қорытындыланды.
 
30 наурыз 2021 ж. 688

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам