Әлем әдебиетінің інжу-маржандары
№20 кітапхана әлем әдебиетінің ең үздік классикалық шығармалары енген «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясы бойынша «Әлем әдебиетінің інжу-маржандары» атты онлайн шолуды оқырман назарына ұсынады. Іс-шара барысында оқырмандарға «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген француз жазушысы Анри-Рене-Альбер-Ги де Мопассанның «Томпыш», «Өмір», «Сүйкімді дос», америка жазушысы Джон Стейнбектің «Қаһар», итальян жазушысы Джованни Боккаччоның «Декамерон» атты шығармалары таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.







