Балалар кітап әлемінде

   Кітап – нәзік те, тұнық әлем.Кітап  - білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Балалар кітабы халықаралық кеңесінің  шешімімен  1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі  Ганс Христиан Андерсеннің  туған күні, яғни2- сәуір халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілген.  Мұның басты мақсаты-әлем балаларын  әдебиетке  жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу,, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап-білім бұлағы» ал «білім-өмір шырағы» екенін жеткізу.
Осы мақсатта , айтулы мерекеге орай №13 балалар кітапханасы  «Балалар кітап әлемінде» атты  мерекелік онлайн шара ұсынады. Шара барысында әлемге танымал Андерсен ертегісі балалар мен ересектерге арналған «Ғажайып ертегілер әлемі» топтамасымен шыққан шығармалары  таныстырылды. Атап айтатын болсақ «Бұршақ үстіндегі  ханшайым», «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Үйқыдағы ару», «Сұлу қыз бен құбыжық», «Күлбикеш», «Бұршақ  дәнді сепкен ханшайым», «Түймеқыз» атты танымал ертегі кітаптарынан, жазушының  ар тазалығы мен жан жомарттығын, әділет, жақсылық сезімдерін ашып көрсете білген. Сонымен қатар әйгілі ертегішінің  «Түймеқыз» атты ертегісі тыңдалды.



01 сәуір 2021 ж. 759

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам