Кітаппен бірге білімге жетеміз

    №6 кітапханада 2 сәуір Халықаралық  балалар кітабы күніне орай  «Кітаппен бірге  білімге жетеміз» атты  №235 орта мектептің 7 сынып оқушылары қатысуымен кітапханаға саяхат  өткізілді. Жас оқырмандар  кітапхананың тарихымен,  мүмкіндіктері мен  қызмет түрлерімен,  пайдалану ережесімен танысты.  «Күй атасы –Қорқыт», «Жыл кітабымен танысыңыз», «Тәуелсіз Қазақстан-мәңгілік ел» атты кітап көрмелері бойынша кітаптарға шолу жасалды. Қызықты, шытарман оқиғалы кітаптармен қатар ертегілер еліне саяхат жасады. Шараға қатысушы жас оқырмандар  дыбысты,  электронды қаламмен оқылатын кітаптарды тамашалай отырып, кітапханаға жазылуға және жақсы әрі ұқыпты оқырман болуға ниет білдірді.



02 сәуір 2021 ж. 18

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам