Бір жаным, бар қазақтың садағасы

   №12 кітапхана «Қаламгер сағаты» жобасы аясында қаламгер-журналист  Қази Соңғыбайұлы Данабаевтың шығармашылығынан «Бір жаным, бар қазақтың садағасы»   атты   әдеби кешті оқырман назарына ұсынады. 
Қази Соңғыбайұлы Данабаев 1951 жылы 8 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келді. Қызылордадағы Н.В. Гоголь атындағы педогогикалық институтын бітіргенен кейін 1971 жылы еңбек жолдын туған ауылында мектеп мұғалімі болудан бастады. 1979 жылдан бері қарай Қызылорда облыстық кәсіподақтары шығармашылық ұйымының әдіскері, директор қызметін атқарды.  1984 жылдан облыстық телерадио хабарларын тарату комитетінің аға редакторы болды. 1989 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың кеңесшісі, редакция алқасының мүшесі болды.
Ол бірнеше мәрте облыстың үздік журналисі болып танылды. М.Шоқай атындағы сыйлықтың лауреаты, облыс әкімінің 2006 жылғы стипендианты атанды.
   Қази Данабаев журналистика саласымен қабат ғұмыр бойына көркем шығармашылықпен айналысты.  Оның қаламынан туған «Гүлдәурен», «Ақ кептер» хикаяттары кітап болып басылды. Тұңғыш өлеңдері «Көктем тыныс», «Дария жыры» жинақтарына енді. Сыр елінің танымал тұлғалары туралы оншақты деректі кітап шығарды. Республикалық «Жалын» баспасының  екі мәрте жабық жүлдесін жеңіп алды. Шығармашылық еңбегі «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Сағыныш екен бала кез» атауымен кітап болып шықты.
Қ. Данабаев мақалалары бүкіл қоғамдағы тек қана сырдың бойындағы болып жатқан жаңалықтар емес, бүгінгі білім саласындағы, бүгінгі идиология, бүгінгі саясат, бүгінгі қазақстанның бағыт бағдарын саралауда ешкімді алдына сала бермейтін жүйріктердің бірі. Қалам ұстаған жас журналистеріміз, ақындарымыз  Қази ағадан үлгі алса біздің келешегіміз кемелдене түсер еді. Жазушы – өз заманының, өз уақытының перзенті. Болып жатқан саяси, экономикалық өзгерістер, рухани жанғырулар оның қаламынан тыс қала алмайды. Оларды қаламгер өз көзімен көріп, өзінің ой елегінен өткізіп, содан соң көркем әдеби дүние дәрежесіне көтеріп барып, оқырманына ұсынады. Қази Данабаев - балалар жазушысы. Өкініштісі, автор ересектер тақырыбына енді ден қойған тұста өмірден өтті. Қ. Данабаевтың « Сағыныш екен бала кез...», « Шоңтөбе, Шотай, балдәурен» повестері көркемдік шешімдерімен көңілге ұялайды. Жазушы жас адамның дүние танымын, жан дүниесін шебер суреттейді.

05 сәуір 2021 ж. 14

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам