Өмірімнің өрнегі өлеңімде

     2021 жылдың 7 сәуірінде  Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен  А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде "Қалалық мәдениет Үйі,клубтар және халықтық ұжымдардың" мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және  "Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Сыр елінің  аяулы перзенті, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қазақ радиосының үздігі, Шиелі ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қатира Сыздыққызы Жәленованың 70  жылдық мерейтойына арналған   «Өмірімнің өрнегі өлеңімде» атты шығармашылық кеші болып өтті.  
     Өмірі өлеңмен өрнектеліп, қуаныш-мұңын, жүректегі нәзік сезімін сол өлең жолдарына сыйғыза білген ақын – Қатира  Жәленованың кешіне зиялы қауым,  қарымдас  қаламдастары,  шәкірттері, қызмет жолында бірге жұмыс жасаған әріптестерімен қоса, шығармасын сүйіп оқитын оқырмандары  және қала өнерпаздары қатысты. 
 Шараны    Қала әкімінің орынбасары  Есжанов Асқарбек Темірбекұлы  құттықтау сөзбен ашып, Қатира Жәленоваға қала әкімдігінің құттықтауын табыстады. Сондай-ақ,  ақынның  қаламдастары атынан   ҚР Мәдениет қайраткері, ақын  Серік  Ыдырысов өз лебізін білдіріп,  арнау өлеңін оқыды.
      Шара  «Жастар театры» жас әртістерінің  әсерлі сахналық қойылымымен ашылды.  Ақынның сөзіне жазылған  Е.Елгезековтың  «Жылайды жапырақ»  әні,  қалалық кітапхананың жас оқырмандарының орындауындағы  ақын өлеңдерінен әдеби монтаж және  жас ақындардың арнау өлеңдері көрермен көңілінен шықты. Кеш барысында    Қалалық ардагерлер кеңесінің  төрағасы  С.Әбішев  сөз сөйледі. 
Өз кезегінде сөз алған  ақын Қатира Жәленова шығармашылық жолын айта келе,  жүрекжарды  өлеңдерін  жатқа  оқыды.

               
07 сәуір 2021 ж. 21

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам