Ел ертеңі – білімді жастар
№1 кітапхананың «Парасат жолы» орталығында М.Ықсанов атындағы Облыстық политехникалық колледждің І курс студенттерінің арасында «Ел ертеңі – білімді жастар» тақырыбындағы пікір – талас өткізілді. ҚР –ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Елбасымыз елімізде орта кәсіптік білім беруге, жастарды еңбекке тәрбиелеудің маңыздылығы туралы баса айтқан болатын. Болашағынан көп үміт күттіретін білімді Сағи Асанов, Бекберген Мирас, Жарқынбек Дінмұхаммедтей жастарымыз ел болашағы, жастардың адалдығы мен өз-өзіне деген нық сенімі төңірегінде өз ой пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды. Колледждің әдіскері – Бегайдаров Самат оқу орнының жетістіктері мен жастарға оқу мен өндірісті ұштастыратын ыңғайлы шеберханалар мен өндірістік іс – тәжірибеден өтетін мекемелермен келісім шарт жасалғаны туралы, колледждің болашағы туралы айтты. Терең білім мен қажырлы еңбек қана адамды болашаққа жетелейді, жемқорсыз, сыбайлассыз қоғам қалыптасқан жағдайда еліміздің ертеңінің жарқын болары сөзсіз деген тұжырыммен шара қорытыланды.







