Қазақстан-ғарыш қақпасы

   №6 қалалық кітапхананың ұйымдастыруыменен 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай «Қазақстан-ғарыш қақпасы» атты бейнеролик жасалды. 2021 жылдың 12 сәуірінде адам баласының ғарышқа ұшқанына 60 жыл толады.Бүгінде Қазақстан ғарышты игеруде әлемдегі озық мемлекеттердің қатарына енді. «КазСат» спутниктік жер серіктерін ұшыру арқылы цифрлық ақпарат тарату,байланыс операторлары мен ауа райын болжау секілді  түрлі салалардың дамуына тың серпіліс әкелуде.Қазақ даласында бой көтерген дүниежүзіндегі ең көлемді ғарыш айлағы – Байқоңырдан бүгінге дейін қазақтың үш азаматы ғарыш кеңістігіне сәтті сапар жасап қайтты. Бұл - біздің елдің, біздің халықтың, біздің ұлттың жетістігі.Шара барысында кітапхана қызметкерлері тұңғыш ғарышкерлермен  таныстырып мәліметтер берді. 
Мақсаты:Жас ұрпақтың бойында Отансүйгіштік,азаматтық қасиеттерді қалыптастыру,білімге,ғылымға ұмтылдыру,ғарыш саласы туралы білімдерін молайту,қазақтың ғарышкерлерінің  өмірбаяндарымен таныстыру,адамзаттың ортақ үйі- Жер планетасына ,ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

12 сәуір 2021 ж. 631

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам