Ізгілік пен мәдениетті дәріптеудің парасатты жолы
«Парасат жолы» орталығының мақсаты – ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.Сондай-ақ жастардың тұла бойына туралық пен даналықтың дәнін егуді көздейтін мәдениет пен руханияттың тоғысқан ордасы саналатын кітапханалардан бастау алаған бұл жоба - ұлттық мәдениет пен тағлымды тарихты, тұнық тәрбие мен өнегелі әдебиетті өне бойларына терең сіңірген зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қаламгер-тілшілердің елеулі еңбектері арқылы парасатты қоғам қалыптастыру. Осы мақсатта А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Ізгілік пен мәдениетті дәріптеудің парасатты жолы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару департаментінің заңгері Әбдиев Бахытжан Жүргенұлы, Абылайхан атындағы жоғары колледжінің оқытушысы тарихшы, заңгер Азамат Алдабергенұлы, Қызылорда облысының әділет департаментінің бас маманы Алибекова Айнұр Махамбетқызы мен «Парасат орталығының» мүшелері қатысып, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету,жастар арасында мәдениеттілік пен имандылықты қалыптастырып, жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау туралы сөз қозғап, өз ой – пікірлерімен бөлісті.







