Рухани жаңғыру – ой-сананың жаңғыруы
Қалалық № 12 кітапхананың ұйымдастыруымен ҚР Тұнғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағадар: рухани жанғыру» бағдарламасына сәйкес «Рухани жаңғыру – ой-сананың жаңғыруы» атты танымдық сағат онлайн өтті.
Елбасының бағдарламалық мақаласында халықымыздың тарихи санасын қалыптастырудың басым бағыттары айқындалған. Осыған орай шарамызға арнайы қатысқан облысымыздағы «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уалихан Серікұлы Ибраев еліміз үшін бұл бағдарламаның маңызы зор екеніне тоқталып, жүзеге асу үшін әр бір қазақстандық азамат атсалысып бірлесіп жұмыс жасау керектігі маңызды екенін айтып өтті.
Сонымен қатар кітапханадан ашылған «Парасат жолы» орталығының жұмысына тоқталып бүгінгі жасұрпаққа тәрбиелік маңызы бар, адалдық алаңы жобасы таныстырылды. Шарамыздың басты мақсаты өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи, мәдени бай мұраларынан нәр алып, бәсекеге кабілетті ел болуға тәрбиелеу.







