Кітап рухы қазақтың,туған өлкем ғажапсың
Кітап-адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап,оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі, ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Қалалық №1 кітапхананың ұйымдастыруымен 23-сәуір Дүниежүзілік кітап күні және авторлық құқық күніне орай «Кітап рухы қазақтың,туған өлкем ғажапсың» атты әдеби кеш өткізілді. Шараға № 257 мектептің 8 «А» сынып оқушылары мен психолог маманы Д.Ұлықпан мен кітапханашы Ж.Тұрсынова қатысты. Кітапхананың белсенді оқырмандары А.Шынтемір, А.Жамбыл, Г.Алпысбаева, Д.Иззат, А.Қаржаубай, Н.Манас ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқыды. «Кітап рухани қазына» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасады. Оқырмандарымыз оқыған кітаптарын жайлы айтып, ойларымен бөлісті.








