Сыр елінің тарихи мұралары
№6 қалалық кітапхана Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Сыр елінің тарихи мұралары» атты онлайн таным сағатын оқырман назарына ұсынады.
«Тарихты білмей – келешекті болжау қиын»,–деген екен Әбу Насыр әл-Фараби.Алаш алаш болғалы Сырдың бойында да өткеннің сайраған ізіндей, көненің көзіндей тарихи һәм мәдени орындар жетерлік. Бұл атыраптың әр төбесінде айтылмаған сыр, жазылмаған шежіре жатыр. Шара барысында Сыр елінің тарихи жерлері кеңінен таныстырылды.. Оқырман қауым үшін туған өлкеміздің өткені, тарихы жайлы құнды дүниелер жазып жүрген «Сыр ескерткіштері» кітабының авторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының маманы, педагогика ғылымдарының магистрі, тарихшы Бақытжан Ахметбек Сыр елінің тарихи мұралары туралы тереңірек айтты.







