«Коворкинг» орталығы – кітапхананың жаңа келбеті
Еліміздің бақытты болашағы мен кемел келешегі үшін жасалып жатқан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – жастардың нақты қадамдарына жол бастайтын келелі ойдың келбеті. Кітапханалар жұмысын ілгерілетуге бағытталған «Руханият ошағы» жобасы аясында А.С.Пушкин атындағы қалалық кітапхана жанынан оқырмандар мен белсенді азаматтардың басын қосатын коворкинг орталығының ашылу салтанаты өткізілді. Салтанатты шараны Қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы ашып, білім мен ғылымға құмар өркениетке ұмтылар жастардың бас қосар рухани орталығы саналатын коворкинг жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналдың тілшісі Толыбай Абылаев, Қазақстан Жазушылар Одағы мүшесі, жазушы, журналист Жұлдыз Әбілда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана қызметкері М.Айнұр шараға қатысып құттықтау сөз сөйледі.
Коворкинг-орталығының негізгі мақсаты - әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру. Мұнда жастар өз жобаларын, идеяларын талқылай алады, іскерлік кездесулер, пікірталастар, лекция, семинар, шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастыруға болатынын Қызылорда облыстық «Кітап құрттары» клубының құрылтайшысы Талғат Меңдібай айтып, жастарды орталыққа шақырды.
«Коворкинг» жастардың білім орталығының беташар шарасы ретінде 23 сәуір-Дүниежүзілік кітаптар күніне орай «Жыр жазамын жүректен» атты жас ақындардың жыр мүшайрасына жалғасты.
Мүшайраның мақсаты-Ұлттық мәдени құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғырту мақсатында жастардың бойында болашаққа деген сенім, отансүйгіштік ізгі қасиеттерді қалыптастыру. Жастар-қай заманда болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Бүгінде әдебиет әлемінде өзіндік өрнегін салып, қалыптасып келе жатырған ақындар көптеп саналады. Жастар жылы аясында, талантты жастарды қолдау, олардың әдебиетке оның ішінде поэзияға деген шығармашылық ынтасының ашылуына септігін тигізу.
Жас ақындар мүшайраның «Ұлы дала ұрпағымыз...» туры бойынша Ұлы дала төсінде мәңгілік ел болуға қадам басқан қазақ елінің бүгінгі жарқын келбетін, ертеңгі ұрпақ мұратымен, төл тарихымызбен ұштастыра жырлап, екінші турында қалаған тақырыптарын таңдады.
Мүшайраға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналдың тілшісі, Толыбай Абылаев, Қазақстан Жазушылар Одағы мүшесі жазушы журналист Ғазиза Әбілда, «Әлімсақ» журналының жас тілшісі Айдар Сайлауов төрелік жасады.
Қазылар алқасы жас ақындар өлеңдерінің мағынасына, сөз саптауына, мәнерлеп, жатқа оқуына баса назар аударды. Жыр додасының қорытындысында педагогикалық колледж суденті Санақұл Бексұлтан 1-орынды, №39 мектептің мұғалімі Ахметқалиев Досхан 2-ші орынды, №11 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Аманкелді Шаттық 3-ші орынды иеленіп, өзгелер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Кітап мерекесін қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры С.Ж.Есімқұлова қорытындылады.