Тағдыр
№4 кітапханада "Парасат жолы" аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақыт Мерекенованың «Тағдыр»атты шығармасына кітап талдауы өткізілді. Кітаптағы «Жалғыздықтың жан азабы», «Пендешілік», «Тағдыр», және т.б. әңгімелер шебер тілмен жазылған туындылар. Шығарманың өн бойында адамдар арасындағы шынайы махаббат, адамгершілік, парасаттылық пен зұлымдылық, бақталастық сияқты шиеленіскен жағдайлар қисынды шешімін тауып, оқиғалар барысында өрбіп отырады. Кітаптың бас кейіпкерлері өмірде кездескен сан қилы қиыншылықтарға мойымай, аңсаған армандарына қол жеткізген. Жалпы жазушының шығармалары шыншылдыққа, адалдыққа құрылған. Кітапхана оқырмандары Жұмағалиева Гүлзия, Шілдебаева Гүлбарам шығарма жайлы өз ой- пікірлерімен бөлісті.







