Жыр жазамын жүрегіммен
№18 кітапханада Ұлттық поэзия патшалығына өзіндік өрнек, өзгешеліктерімен келген , өлең-өнердің өз өкілі , көрнекті ақын Күләш Ахметованың шығрмаларынан "Жыр жазамын жүрегіммен" атты әдеби оқу онлайн өткізілді. Шарада оқырмандарға ақынның лирикаға толы шығармашылығынан мол мағлұмат беріліп, жас оқырмандарымыз Дүкенбай Дильназ, Алмас Ұлбибі, Төлеп Медина және Қыдырбай Әсел ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.







