Жыр дариясына айналған ақын
№12 кітапхана қазақтың көрнекті қаламгері әрі сатиригі Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығынан «Жыр дариясына айналған ақын» атты онлайн әдеби оқу ұсынады. Шара барысында қай тақырыпқа қалам сілтесе де көркем ойдың көкжиегінен көрініп, қалың оқырманның сүйіспеншілігіне бөленген ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, ақын жайлы естеліктер айтылды. Кітапхана оқырманы Санақұл Бексұлтан ақынға жыр жолдарын арнап, жас оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды.







