» » «Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері» кітабы

«Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері» кітабы

    №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасы  22 сәуір-Халықаралық кітап күні қарсаңында балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында  бір кітаптың  тарихы шарасын назарларыңызға ұсынады. 
   Биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып таңдалған 30 үздік шығарманың ішінде балалар әдебиеті жанры бойынша Зира Наурзбаева мен Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері» кітабы жалпыхалықтық оқуға ұсынылған еді.  
Шығармада Бату атты бала мен оның достарының басынан кешкен оқиғалары негізінде, ертегі – аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген. Шым – шытырық оқиғалар жанрында жазылған хикаят жас жеткіншек оқырмандарды қызықтырып, қиялына қанат бітіретін тартымдылығымен баурайды.  Кітап авторларының шығармашылық жолы таныстырыла отырып, кітапхана оқырмандары  кітап мазмұнын терең жеткізе білді.

21 сәуір 2021 ж. 2 397

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам