Кітаппен бірге жаңа әлем ашамыз
№18 кітапханада 23 сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітаппен бірге жаңа әлем ашамыз» атты ашық есік күні екі бөлім бойынша өткізіліп, біріншіден оқырмандар кітап қорындағы әдебиеттермен, кітап көрмелерімен, жаңа әдебиеттермен танысты. Екіншіден жазушы Бейімбет Майлиннің туылғанына 125 жыл толуына орай «Ашаршылықтың ащы шындығы» атпен жазушының «Күлпаш» әңгімесінен кітап талдау өткізілді.Шараға кітапханамыздың ардагер оқырманы Құдайбергенов Исатай ақсақал қатысып жазушының шығармасына тоқталып,ашаршылық жайында әңгіме өрбітті.Сонымен қатар талдау барысында оқырмандар назарына Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сарыарқа саңлағы» атты кітап көрмесі таныстырылып насихатталды.








