Арғымақтар даласы

     №10  Қараөзек  ауылдық кітапханасы  «Парасат жолы» орталығы ақын Күләш Ахметованың туғанына 75 жыл толуына орай «Арғымақтар даласы» атты әдеби  дайджестті  ұсынады.
Күләш Ахметова  қазақтың көрнекті ақын қызы. «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген.
     Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін  Күлаш Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Адамзаттың адалдығын биік ұстаған ақын өз өлеңдері арқылы жастарды адалдыққа,  парасаттылыққа, білім алуға,   қоғамдағы жат қылықтардан бойын аулақ ұстауға,  өз білімі мен қажыр-қайратымен  жарқын болашағын құруға шақырады.  Ақынның шығармаларын оқып  ой-өрісімізді  рухани  дамытуға, кітап оқуға шақырамыз.

22 сәуір 2021 ж. 632

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам