Мен халықтың шынары
«Парасат жолы» - адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерлетуге бағытталған үлкен жоба. Осы жобаны басшылыққа ала отырып, заманының шыншыл жырауы болған, қазақтың қара қылды қақ жарған, қоғамдағы әділетсіздік пен адалдықты, парасаттылықты ту еткен қазақтың біртуар, қайталанбас тұлғасы, «Жыраулардың жампозы» атанған Базар жырау Оңдасұлына арналған «Мен халықтың шынары» атты жыр кеші қалалық жүйеге қарасты №1 кітапханада онлайн форматта өткізілді. Шараға зиялы қауым өкілі Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Нұрханов Мұхамеджан Байдүйсенұлы қатысып, Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы естелік айтты. Шара барысында Балқы Базардың «Сөйле тілім жалпыдан» атты жырын Өркенбекқызы Нұрай орындады.







