Кітап – алтын қазына
Жыл сайын 23 сәуірде Бүкіләлем¬дік кітап және авторлық құқық күні атап өтіледі. 1995 жылы Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында осы күнді кітап пен оның авторларына арнау туралы шешім қабылданған болатын. Кітапсүйер қауымның бұл мереке¬сінің басты міндеті – жастарымызды кітапханаға кітап оқуға шақыру, адамзаттың мәдени және әлеуметтік өрлеуіне үлес қосқан авторларды құрметтеу, есімдерін ұлықтау. Айтулы мерекеге орай №3 кітапхана оқырман назарына «Кітап – алтын қазына» атты әдеби саяхат ұсынады. Шара барысында кітапхана ережесі, жаңа әдебиеттер таныстырылып, кітап көрмелеріне шолу жасалды.







