Кітапхана – руханияттың ордасы
№20 кітапхана 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай көпшіліктің назарын кітап оқуға аудару, оқу мәдениетін арттыру, оқырманға қолдау көрсету, жастар арасында кітап оқуды жандандыру мақсатында «Кітапхана – руханияттың ордасы» атты слайд-шолуды ұсынды. Іс-шара барысында оқырмандарға атаулы мерекелік күннің тарихы таныстырылып, кітапхана жұмысы, жаңа түскен әдебиеттер кеңінен насихатталды.







