Жаңа әлем жастары
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Парасат жолы» орталығы қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерлету мақсатында жас кәсіпкерлердің қатысуымен «Жаңа әлем жастары» атты іскерлік алаңын желі пайдаланушылар назарына ұсынады.
Жастар –қоғамның қозғаушы күші ғана емес, елдің тірегі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі, барынша күш-қайратын елдің игілігіне сарқа жұмсайтын еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Бүгінде Қазақстанда жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу мәселелерін шешу, жас адамдардың бәсекелік қабілетін дамыту өзекті болып отыр.
Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы іске қосылған. Іскерлік алаңына кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кәсіпкерлікке арналған кітаптарды оқып, жеке Бизнеспен айналысып, өз кәсібін ашып, халыққа қызмет көрсетіп, еңбек етіп жүрген оқырмандар қатысты. Олардың әрқайсысы өз кәсібі жайлы әңгіме қозғап, үлкен жетістіктерге жетуіндегі кітаптан алған ақпараттардың пайдасы жайлы айтып, жастарды кітапханаға кітап оқуға шақырады.







