Қадірдің қадірлі жырлары
№13 балалар кітапханасы «Парасат жолы» жобасы аясында «Қадірдің қадірлі жырлары» атты жыр сағатын қазақтың қайсар ұлы, мәдениетіміздің майталманы, әдебиетіміздің ұлығы, поэзиямыздың пырағы, «сөздің сәйгүлігі Қадыр Мырза Әліге арналды.
Қадыр Мырза Әлі – біздің дәуіріміздегі әлемдік аренаға шыққан, қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, көркемдік деңгейін биіктетіп, мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген, «Қазақтың Қадыры» деп танылып, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі.
«Қазақ жырының Қадыры» атанған ақын Қадыр Мырза әлі қазақ әдебиетінің барлық жанрында дерлік қалам тартқан жазушы: поэзия, проза, аударма, драма, публицистика, әдеби зерттеу. Ғұмырының соңына дейін балалар поэзиясына қалам тартқан Қадыр Мырза Әлі ұрпаққа, парасатты жырларымен өшпес мұра қалдырды.







