Қорқыт бабаның нақыл сөздері
№8 Махамбетов ауылдық кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» аясында «Қорқыт бабаның нақыл сөздері» атты таным сағатын оқырман назарына ұсына отырып, Қорқыт бабамыздың тәрбиелік-тағылымдық, философиялық толғамдарын, адамгершілік, ар-ұят, парасаттылық туралы терең ойларын жеткізеді.
Ұлы баба арманы, мұраты адамзатқа жер бетіндегі өмірдің мәнін ұғындыру, адамдар жүрегіне қайсар рух пен кемел ізгіліктің дәнін себу арқылы асыл қасиеттерді дарыту.
Шараның мақсаты-ІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген, ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, ақын, әрі сазгер, күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы, кемеңгер қайраткер, ғұлама ойшыл, қобыз сарынын алғаш туындатушы Қорқыт атаны және оның өнерін, шығармашылық даналығын, дүниетанымын жастарға таныстыру







