Қабдеш Жұмаділовтың 85 жылдығы
№1 кітапхана Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында көрнекті қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтың 85 жылдығына орай «Қарауыл» повесінен оқырмандар конференциясын ұсынады.
Жазушы өз уақытының, өзі ғұмыр кешкен дәуірдің шын мәніндегі жаршысы. Жазушының “Қарауыл”, “Сарыжайлау”, “Сәйгүліктер”, “Бір түп тораңғы”, “Бір қаланың тұрғындары” күні кешегі кеңестік дәуір шындығын бейнелеген туындыларға жатады. Жазушының шығармашылығы кеңінен таныстырылып, кітапхананың белсенді оқырмандары «Қарауыл» шығармасы жайлы ой-пікірлерін түйіндейді.







