Сыр сүлейі

     №10 Қараөзек ауылдық кітапханасы  «Парасат жолы» аясында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  ұлт мұраты, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтарымызды,     егемен еліміздің өсіп-өркендеу жолында қол жеткен рухани  жетістіктерін насихаттау мақсатында   Сыр сүлейі ақын, жырау Кете Жүсіп Ешниязұлының шығармашылығынан  «Сыр сүлейі» атты өнер сағатын ұсынады. 
Жеті атасынан жырау атанған әулеттің белді өкілі Кете Жүсіп – «Сыр шайырларының генералы» атанған Ешнияз сал Жөнелдікұлының баласы, «Жүз жыраудың отаны» Қармақшы өңірінде жыр өнерін жалаулатып, дарындылығымен ел сыйлысы атанған.  Жүсіп Ешниязұлы өз өлең-жырларында халықты надандықтан арылуға, адами қасиетті жанына серік етуге шақырады.  Сонымен қатар, ол айналасында кедей мен бай-манап арасында болып жатқан қарама-қайшылыққа төзбей, әділдікті ту етіп, халықты адамгершілікке, бірлікке үндейді. Ақынның басқа да тақырыптағы өлең-жырларын халық өте ықыласпен тыңдап, қабылдаған.

27 сәуір 2021 ж. 442

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам