Көмбе нанның дәмі
№19 кітапхана Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани мәдени акциясы аясында оқуға ұсынылған драмалық әдебиеттерді насихаттау мақсатында жыл таңдауындағы Мадина Омарованың «Көмбе нанның дәмі» атты шығармасынан шағын қойылым ұсынады. Кітапхананың тұрақты оқырманы №222 мектептің мұғалімі Әлішбекова Гүлшарат шығарманы оқырманға буктрелер арқылы әсерлі жеткізеді.
«Көмбе нанның дәмі»- халық басынан өткен қиын кезең, Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақстанға неміс, кәріс, шешен, қарашай, т.б халықтардың депортациясы тақырыбын көтереді. Соғыс жағдайында өздері әрең күн көріп отырған қазақ ауылының қиын өмірі, депортацияланып келген халықтар өкілдерімен дос-туысқа айналған тағдыры бейнеленеді. Шығармада адам рухының мықтылығы, махаббат пен мейірімнің қандай да қиындықты жеңетіні көрінеді.







