Әр шаңыраққа қажетті кітап
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» аясында желі пайдаланушылар назарына «Әр шаңыраққа қажетті кітап» атты отбасылық оқуларды ұсынады.
Мақсаты: Өскелең ұрпақ бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, адамдық асыл қасиеттерді игеруге және де бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Кітапхана қорындағы отбасына арналған кітаптар арқылы жасөспірімдерге адалдық, шындық туралы түсінік беру.
Отбасылық оқуларға ата – аналарға ақыл – кеңестер беретін «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығының негізін қалаған, баланың толыққанды тәрбие алуы үшін еңбек етіп жүрген педагог Елжас Ертайұлының «Баланы жазасыз тәрбиеле», «Баланы тәрбиелеме өзіңді тәрбиеле» тақырыбындағы екі кітап және Әйгерім Тұрақұлованың «Балам жақсы болсын десеңіз» атты кітаптары таныстырылып, кеңінен насихатталды.







