«Жеті ата» әңгімесі
№ 17 кітапхана Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында қарымды қаламгер Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында жазушының «Жеті ата» әңгімесі бойынша кітап талдауын назарларыңызға ұсынады. Кітап тәрбиенің өзегі-адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, адалдық, әдептілік сияқты адамзаттың ең бағалы қасиеттерін негіз еткен. Балаларды жасына қарай тәрбиелеп жеті жасқа келгенше ұл-қыздарына «Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі» деп, жеті аталарына дейінгі кісілердің атын жаттатқызған. Бүгінгі шығармада осы жеті ата халықтың тәрбиелік дәстүрлерінен сыр шертетін, Қажыбек пен Айтбала арасындағы шынайы сезім жайлы айтылатын болады. Кітапхана оқырманы ауылдың зиялы қауым өкілі Жаңабай Ибрагимов кітап жайлы ой-пікірін білдіріп, қаламгердің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат берілді.







