Ел іші-өнер кеніші
№15 Талсуат ауылдық кітапханасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Ел іші-өнер кеніші» атты онлайн шолу ұсына отырып, таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ құрау туралы айтады.
Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб және неше түрлі қазақи нақыштағы оюлардан , өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.







