Қорқыт ғасырдың үні

   № 12 кітапхананың   Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына  орай   «Парасат жолы» аясында  «Қорқыт ғасырдың үні» атты өнер тану сағатын оқырман назарына ұсынады. .
   Сыр елінде дүниеге келіп, біртұтас іргелі елдің көреген көсемі, әзиіз әулиесі, сөз бастар шешені,  ұлы күйшісі болған  Қорқыт ата бүкіл түркі тілдес халыққа ортақ. Ұлы бабамыздың данышпандық ойдың інжу- маржанына айналған ғибаратқа толы ұлағатты сөздері, жан тербентер сырлы сазды күйлері мен жырлары , арада мың жылдан аса уақыт өтсе де ұрпақ мұрасына, мәңгілік таусылмас қазынасына айналып өзектілігін жоймайды.
    Бүгінгі шарамыздың  мақсаты да дана Қорқыт атаның халық рухы мен кісіліктің кілтіне нұрлы бастау болатын бай мұрасын бүгінгі жаһандану кезеңінде адамзаттың жауһар қазынасы түрғысынан әлемдік кеңістікте дәріптеп, өскелең ұрпақтың кәдесіне жаратудың маңызы зор  екенін түсіндіріп насихаттау.

28 сәуір 2021 ж. 384

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам